«Орыс және ағылшын тілі сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау» атты нетворкинг
13-01-2023 15:31
«Орыс және ағылшын тілі сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау»  атты нетворкинг

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мұғалімдеріне арналған «Орыс және ағылшын тілі сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау»атты нетворкинг өткізді.

«Орыс тілі сабақтарында сыни ойлауды дамытудың тиімді әдістерін қолдану»туралы Винокурова Анна Ивановна Ақтас к. «№13 ЖББОМ»КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі айтып берді. Шет тілі сабақтарында сыни ойлауды дамытуға бағытталған жұмыс тәжірибесімен Копать Ксения Владимировна Саран қ. «№17 МГ» КММ ағылшын тілі мұғалімі бөлісті.

Қатысқан мұғалімдер жағымды эмоцияларымен бөлісті және спикерлерге пайдалы және қызықты ақпарат үшін ризашылықтарын білдірді.