Колледж оқытушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру бойынша облыстық семинар
19-01-2023 08:36
Колледж  оқытушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру бойынша облыстық семинар

      2022-2023 оқу жылына арналған Тәрбие жұмысының  кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында 2023 жылдың 19 қаңтарында колледж  оқытушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру мақсатында онлайн режимінде облыстық семинар өтті.

Спикер болғандар:

- Жумабеков Б.К., «Педагогтер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша ақпараттық-білім беру пулының өкілі;

- Абельгазина А.О. «ТжКОББ ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру» тақырыбымен директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы;

- Мухамедьярова А.З. «Білім берудегі комплаенс-менеджмент» тақырыбындағы баяндамамен«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК  білім беру мазмұнының стратегиялық дамуы және талдау бөлімінің меңгерушісі.

Семинар барысында колледждерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің элективті курсын енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жағдайлар мен істерді модельдеу бойынша дөңгелек үстел өткізу мәселелері де талқыланды.

Шараға колледждердің 90 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты.