Арнайы білім беру ұйымдарының директорлары мен директорының орынбасарлары үшін әдістемелік күн
19-01-2023 09:24
Арнайы білім беру ұйымдарының директорлары мен директорының орынбасарлары үшін әдістемелік күн

      2023 жылдың 19 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы арнайы білім беру ұйымдарының директорлары мен директорының орынбасарлары үшін әдістемелік күн өткізді.

Кездесу барысында келесі сұрақтар талқыланды:

- оқу-әдістемелік орталықтың ресми сайты мен мобильді қосымшасының жұмысы туралы;

- мектепке дейінгі білім беру және негізгі орта білім беру бөлімі іске асыратын жобалар;

- педагогтердің әдістемелік өнімдерін қарау жөніндегі облыстық сараптамалық кеңестің жұмысы туралы;

- білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау туралы.

Талқылау қорытындысына сәйкес әрбір сауал бойынша шешім қабылданады.