«ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры» оқу сауаттылығы апталығы аясындағы топ сабақтар
19-01-2023 10:38
«ХХІ ғасыр - сауатты  ұрпақ ғасыры»  оқу сауаттылығы апталығы аясындағы топ сабақтар

      2023 жыл  19 қаңтар «ХХІ ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры!»  Оқу сауаттылығы апталығының төртінші күні Қарағанды облысының барлық білім ұйымдарында педагогтер өзара тәжірибе алмасып, жас педагогтерге әдістемелік көмек берді және «Қаңтарда туған қаламгерлер» айдарымен түрлі шаралар ұйымдастырды.

Апталық жоспарына сәйкес «Саран қаласының білім бөлімі» ММ және «Абай ауданының білім бөлімі» ММ қарасты білім ұйымдарының ұстаздары тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда,

Тусупбаева Мадина Сапаровна, Абай ауданы  білім бөлімінің Топар кенті «Абай атындағы тірек мектебі (РО)» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Жүнісбек Қарлығаш Құттыбаевна, Саран қаласы «№1 мектеп-лицей» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Куанова Галина Кабеновна, Саран қаласы «№1 мектеп-лицей» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Мардашева  Эльмира Маулетовна, Саран қаласы «№13 жалпы білім беретін мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Темирбекова Жадыра Камбаровна, Саран қаласы «№6 жалпы білім беретін мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Шара соңында ұстаздардың сабағына қатысқан фокус топ отырысы болды. Отырыста сабақ берген ұстаздар мен фокус топ мүшелері, әдіскерлер бақылаған сабақтарына талдау жасап, ұсыныстар айтты.