«Балалар және театр» жобасы аясында семинар-практикум
20-01-2023 17:38
 «Балалар және театр» жобасы аясында семинар-практикум

      2023 жылдың 20 қаңтарында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК «Балалар және театр» жобасы аясында білім беру ұйымдарының директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілерге және тәлімгерлерге

(вожатыйларға) арналған семинар-практикум орыс тілінде өткізді.

Семинар-практикум спикерлері: Теміртау қаласының «Ғазиза Жұбанова атындағы өнер мектебі» КММ театр бөлімінің мұғалімі Попиловская Ольга Валерьевна; Қарағанды қаласының «Қ. Нұржанов атындағы гимназиясы» КММ әлеуметтік педагогы, «Зурбаған» театр-студиясының жетекшісі Киндякова Анна Константиновна; Қарағанды қаласының «№ 95 гимназиясы» КММ директордың  тәрбие жұмысы жөніндегі  орынбасары Самченко Елена Владимировна