«JasSkills Kazakhmys 2023» Қарағанды облысының бірінші чемпионаты
20-01-2023 08:44
«JasSkills Kazakhmys 2023» Қарағанды облысының бірінші чемпионаты

      2023 жылдың 20 қаңтарында «Қазақмыс корпорациясы политехникалық колледжі» ЖММ базасында Балқаш ауданының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «JasSkills Kazakhmys 2023» кәсіби шеберліктің облыстық чемпионаты өтті. Байқауды ұйымдастырушылар: «Талап» КЕАҚ, Қарағанды ​​облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы.

Чемпионаттың мақсаты – өсіп келе жатқан жастардың назарын жұмысшы мамандықтарына аудару.

Чемпионат «Дәнекерлеу ісі», «Электр монтаждау», «Сантехника және жөндеу жұмыстары» және «Металлургия» құзыреттері бойынша өтті.

Балқаш ауданындағы 20 орта білім беру мекемесінен 217 оқушы өтініш берді.

Үш кезеңнен тұратын чемпионаттың бірінші іріктеу кезеңі 12-26 желтоқсан аралығында Балқаш, Приозерск қалалары мен Шашубай кентіндегі мектептер базасында колледж өкілдерінің қатысуымен өтті. Бұл кезеңде 20 мектептің 217 оқушысы сарапталып, техникалық мамандықтарға бейімділігі жоғары деңгей анықталды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр қатысушы мектеп бойынша үздік деп танылған 74 үміткер келесі кезеңге өтті.

Екінші кезең колледж базасында өтіп, байқауға қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындап, арнайы сауалнамалар толтырды, сонымен қатар жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықтарына қарай құзыретті таңдады. Нәтижесінде 20 қатысушы келесі құзыреттер бойынша финалист атанды: «Дәнекерлеу ісі», «Электр монтаждау», «Слесарь және жөндеу жұмыстары» және «Металлургия». Әрбір құзыреттілік бойынша 5 қатысушы анықталды.

16-19 қаңтар аралығында колледж базасында қатысушылармен дайындық жұмыстары жүргізілді. 20 қаңтарда өткен чемпионаттың шешуші кезеңінде қатысушылар 2,5 сағат бойы өз құзіреті бойынша кәсіби шеберлік пен қабілеттерін көрсетті.

Чемпионат қорытындысы бойынша үздіктер анықталды:

«Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігінде С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Сапарғалиев Мадияр, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Әбдікәрім Самат күміс, қола жүлдегер атанған А.Ермеков атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Владимир Ходаков болды;

«Электромонтаж» құзыретінде А.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің оқушысы Павлик Әлішер алтынға ие болды, А.Ермеков атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Борикова Кристина күміс жүлдегері, Б.Момышұлы атындағы мектебінің оқушысы Кәрібеков Нұрлан қола жүлдегері атанды;

«Сантехника және жөндеу жұмыстары» құзыреті бойынша №4 мектебінің оқушысы Гильфанов Ратмирге алтын, №5 мектебінің оқушысы Бөкен Бекқожаға күміс, А.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің оқушысы Берікжан Әбілмансұрға қола бұйырды;

«Металлургия» құзыреттілігінде «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Тілекұлы Нұртілеуге алтын медалі, №3 мектебінің оқушысы Гранкин Расулға күміс медалі, «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Ерімбетова Аяулымға қола медалі табысталды.

Чемпионатқа «Қазақмыс» ЖШС, Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығы және «Қазақмыс» компаниялар тобының Жастар одағы демеушілік көрсетті. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы және естелік сыйлықтарымен марапатталды.