«Отбасылық оқыту құндылықтары» тақыбындағы дөңгелек үстел
24-01-2023 09:07
«Отбасылық оқыту құндылықтары»  тақыбындағы дөңгелек үстел
      2023 жылдың 24 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді  дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарының кітапханашыларына «Отбасылық оқыту құндылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Мурзатаева Бахыт Казбековна «Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ бөлім басшысы; Фирсова Наталья Геннадьевна Қарағанды қаласы «М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ №16 филиал меңгерушісі;Кучаева Елена Олеговна Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ бөлім меңгерушісі; Жарылкапова Марина Утебаевна Қарағанды қаласының «А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ кітапханашысы; Абдугалиева Фарида Даутовна Қарағанды қаласының «№14 гимназия» КММ кітапхана меңгерушісі спикер ретінде қатысып, отбасы мен кітапхананың өзара байланысы, отбасылық оқыту құндылықтарына бағытталған тәрбие беруде мектеп кітапханасының рөлі, отбасымен бірлесе өткізілген іс-шаралар туралы тәжірибелерімен бөлісті.