Бағалау түрлері. Формативті бағалау.
24-01-2023 09:27
Бағалау түрлері. Формативті бағалау.

      Қарағанды облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2023 жылдың 24 қаңтарында «Бағалау түрлері. Қалыптастырушы бағалау» атты семинар  өтті.

Семинарда келесі мәселелер талқыланды:

«Қалыптастырушы  бағалау дегеніміз не?» Аскарова Арман Азмуратовна, «Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қарағанды қаласы.

«Қалыптастырушы бағалауға арналған бағалау парақшаларын құрастыру», Балтабаева Әсем Сембиевна, «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қарағанды қаласы.

«Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарындағы қалыптастырушы бағалаудың әдістері», Сулейменова Татьяна Ивановна, «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» КММ  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қарағанды қаласы.

Семинарға Қарағанды облысының 50-ге жуық орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас мамандары қатысты.