«Математикалық регата» олимпиадасының облыстық кезеңі
27-01-2023 08:30
«Математикалық регата» олимпиадасының облыстық кезеңі

      Қарағанды облысының білім басқармасымен, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2023 жылдың 27 қаңтарында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

  Олимпиаданың мақсаты: математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру және жетілдіру.

Олимпиада төрт тур бойынша өткізілді. Әрбір тур үш тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма – математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан, екінші тапсырма – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық» тапсырмалардан тұрды.

Қарағанды облысы бойынша олимпиадаға 17 команда қатысты.

Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын:«Мұрагер» және Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының математика пәні мұғалімдерінің «Табыс формуласы» командасы (Ильясов Акниет Дарханович, Бақтияр Данияр Жанболатұлы, Мукушева Маржан Кенжебаевна, Мұсай Жібек Молдамұратқызы)

2 орын:«Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының математика пәні мұғалімдерінің «Брадис» командасы (Мекеева Арайлым Айыповна, Аскаров Алтынбек Нуркенович, Бекежанова Айдана Коргамбаевна, Бейсембекова Анар Ермахановна).

3 орын:Қарқаралы ауданы математика пәні мұғалімдерінің «Аксиома» командасы (Аменова Айнагуль Омурзаковна,Касенова Гульден Кариполлаевна, Адамбаева Жазира Жакуповна, Ахметжанова Гульшат Елеубековна).