«Колледждің жас әдіскер мектебі» аясындағы оқыту
27-01-2023 12:10
 «Колледждің жас әдіскер мектебі» аясындағы оқыту

      2023 жылдың 27 қаңтарында «Колледждің жас әдіскер мектебі» аясында «Жас әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында кезекті оқыту  өтті.

             Оқытудың мақсаты: жас мамандардың бейімделуіне, оқу орнының әдістемелік қызметінің жұмысына, теориялық білімді жетілдіру мәселелеріне практикалық көмек көрсету.

            Модераторлар «Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері А.К. Оспанова мен облыстық әдіскерлер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Е.А.Кашинаның жетекшілігімен тыңдаушылар теориялық блокта әдістемелік өнімдерге қойылатын талаптармен танысты, тәжірибеде  педагогикалық міндеттерді шешті.

Спикерлер: А.З. Мухамедьярова, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК  білім беру мазмұнының стратегиялық дамуы және талдау бөлімінің меңгерушісі, Ю.В.Горбатова, Н.П.Шаповалова «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК оқытушылары.

Тыңдаушылар қатарында облыстық колледждердің 23 жас әдіскері бар.