2023 жылдың 27 қаңтарында «Колледждің жас әдіскер мектебі» аясында «Жас әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында кезекті оқыту өтті.
Оқытудың мақсаты: жас мамандардың бейімделуіне, оқу орнының әдістемелік қызметінің жұмысына, теориялық білімді жетілдіру мәселелеріне практикалық көмек көрсету.
Модераторлар «Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері А.К. Оспанова мен облыстық әдіскерлер әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Е.А.Кашинаның жетекшілігімен тыңдаушылар теориялық блокта әдістемелік өнімдерге қойылатын талаптармен танысты, тәжірибеде педагогикалық міндеттерді шешті.
Спикерлер: А.З. Мухамедьярова, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК білім беру мазмұнының стратегиялық дамуы және талдау бөлімінің меңгерушісі, Ю.В.Горбатова, Н.П.Шаповалова «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК оқытушылары.
Тыңдаушылар қатарында облыстық колледждердің 23 жас әдіскері бар.