«БІРГЕ ОҚИМЫЗ!» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ WORKSHOP
30-01-2023 16:52
«БІРГЕ ОҚИМЫЗ!» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ WORKSHOP

      Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  2023 жылдың  30 қаңтарында «Бірге оқимыз!» жобасын жүзеге асыру, педагогикалық тәжірибе алмасу, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында облыс мұғалімдеріне воркшоп өткізді.

Воркшоп келесі тақырыптарда өткізілді:

- «Дидактикалық ойындар бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру құралы ретінде» - Саматова Елена Васильевна, «Қ.Нұржанов атындағы гимназия»КММ бастауыш сынып мұғалімі, Қарағанды қаласы;

  • «Әдебиеттік оқу сабақтарында қолданылатын лайфхак» - Колосовская Валентина Анатольевна, «№11 жалпы білім беретін мектеп»КММ бастауыш сынып мұғалімі, Шахтинск қаласы;
  • «Коллектив класса – перезагрузка» - Храмкова Юлия Александровна, «Қ. Сәтбаев атындағы гимназия» КММ педагог-психологы, Қарағанды қаласы;

- «Күрделі математикалық нейрондық есептер» - Омаров Сәтжан Кәрібайұлы, «М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназия» КММ информатика пәні мұғалімі,Қарағанды қаласы;

- «Компьютердің адам ағзасына әсері және ғаламтордың зияны» - Амирхашова Гульзира Бауыржановна, «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, Балқаш қаласы.