Размер шрифта:
Облыстық «Жас журналист» бейіндік жобасы аясындағы вебинар
31-01-2023 16:41
Облыстық «Жас журналист» бейіндік жобасы   аясындағы   вебинар

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2023 жыл 31 қаңтар  ZOOM платформасында қала, аудан және мамандандырылған мектеп-интернаттарының облыстық «Жас журналист» бейіндік жобасы бойынша жұмыс жасайтын пән мұғалімдері мен әдіскерлеріне және болашақта журналист мамандығын  таңдап отырған 10-11 сынып оқушылары үшін ««Ыбырай – медиа телестудиясы» үйірмесінің жұмыс әдістемесі» тақырыбында вебинар өткізілді.

Вебинарда Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп жанындағы интернатында «Жас журналист» жобасының жүзеге асырылуы туралы директордың  міндетін атқарушы Бакаев Дат Бактыгалиевич, «Ыбырай-медиа телестудия» үйірме бағдарламасының  жүзеге асырылуы және телестудия жұмысы туралы үйірме жетекшісі Бокенова Жулдызай Жанатовна  таныстырылым жасап, тәжірибелерімен бөлісті.  

Қарағанды облысы білім басқармасы  «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының  берген  квотасы бойынша «Хабар» телеарнасы ғылым-білімді дамытуға бағытталған басымдықтарды  іске асыру мақсатында ұйымдастырылған «DARYN» зияткерлік-тележобасына қатысып, қыркүйек айының 16-18 аралығында Алматы қаласында өткен екінші кезеңде  білімді, талапты, дарынды оқушы екендігін дәлелдеп, жақсы нәтиже көрсеткені үшін арнайы «Алғыс хатқа» ие болған үйірме мүшесі 11-сынып оқушысыАмангелді Бақытнұр тележобаға қатысқандағы әсерімен бөлісті. Сонымен қатар, журналист мамандығын таңдап отырған  10-сынып оқушысы, үйірме мүшесі Базилова Назерке тікелей эфирде сұхбат жасап, тәжірибесімен бөлісті.

Оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Г.Жаркеева «Жас журналист» жобасымен, жоспарымен тағы бір мәрте таныстырып, жобаны жүзеге асыру бойынша ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулар берді.

Семинарға 100-ге жуық адам қатысты.