2023 жылдың 02 ақпанында Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен директордың орынбасарлары үшін әдістемелік күн өткізді.
Кездесу барысында келесі сұрақтар қаралды:
- оқу-әдістемелік орталығының ресми сайты мен мобильді қосымшасының жұмысы туралы;
- Е-daryn жүйесіндегі жаңартулар және әрекет алгоритмі;
- педагогтердің әдістемелік өнімдерін қарау жөніндегі облыстық Сараптамалық кеңестің жұмысы туралы;
- Қарағанды облысының қосымша білім беру педагогтері қауымдастығының жұмысы туралы;
- Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтар Федерациясының Қарағанды облысы бойынша өңірлік өкілдігінің жұмысы туралы.
Талқылау қорытындысы бойынша әрбір мәселе бойынша шешім қабылданады.