Размер шрифта:
Инновациялық мектептер директорлары мен директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн
31-01-2023 15:59
Инновациялық мектептер директорлары мен директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 31 қаңтарда ZOOM режимінде инновациялық мектептердің директорлары мен директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күн барысында:

  1. Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сайтында орналастырылған PISA, ICILS, PIRLS, TIMSS, TALIS, PBTS халықаралық зерттеулерінің нәтижелерінің талдауымен таныстырылып, зерттеу тапсырмаларымен таныстырылды.
  2. Тәрбие процесінде мектепішілік бақылау жүйесін ұйымдастыру.
  3. Қарағанды қаласының «№1 гимназиясы» және «Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі» КММ инновациялық мектептері тәрбие жүйесін тиімді жүзеге асыру аясында мектепішілік бақылау жүйесін ұйымдастыру тәжірибесін ұсынды.

Қатысушылар саны: 82