Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн
03-02-2023 07:03
 Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн

2023 жылдың ақпан айының 3-і күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін әдістемелік күн өткізді. Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды: 

  1. Қарағанды облысының білім алушыларының білім жетістіктеріне мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдары туралы;
  2. Аудандық/қалалық әдістемелік кабинеттердің жоспарларын зерделеуді талдау;
  3. Қосымша білім беру педагогтері арасында «Шабыт шаттығы» облыстық байқауын өткізу;
  4. «Педагогикалық идея» көркем еңбек және технология мұғалімдеріне арналған байқау өткізу туралы;
  5. Мектепке дейінгі ұйымдарда математикалық сауаттылық апталығын өткізу туралы;
  6. «Цифрлық әлем» компьютерлік және ақпараттық сауаттылық апталығын өткізу туралы.

Қарағанды облысының білім бөлімдерінің 78 әдіскері қатысты.