2023 жылдың 31 қаңтар мен 3 ақпан аралығында оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне педагогтерді аттестаттаудың жаңа қағидалары бойынша оқыту семинарларын өткізді.
Семинар бағдарламасы мазмұнды және пайдалы болды. Педагогтерді аттестаттаудан өту кезеңдері, портфолионы бағалау критерийлері, біліктілік санатын мерзімінен бұрын беру тәртібі, 30 және одан да көп жылдық педагогикалық өтілі бар педагогтерді аттестаттау тәртібі және басқа да мәселелер қаралды.
Семинарларда спикерлер оқу-әдістемелік орталығының директоры Б.Х.Абдикерова, директордың орынбасары Е.Р.Аринов, бөлім меңгерушілері А.З.Мұхамедьярова және Ж.А.Сартаева, әдіскерлер С.К.Тулепбекова, Г.О.Сулейманова, А.А.Какенбекова, К.П. Цой болды.
Семинар соңында педагогтер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. 2256-дан астам педагог қамтылды.
Семинарлар мамандандырылған мектеп-интернаттардың, арнайы мектеп-интернаттардың, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін, сондай-ақ облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалғастырылатын болады.