«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығын дамыту бойынша іс-тәжірибені тарату» тақырыбында халықаралық қатысумен онлайн-семинар
03-02-2023 08:40
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығын дамыту бойынша іс-тәжірибені тарату» тақырыбында  халықаралық қатысумен онлайн-семинар

      2023 жылғы 3 ақпанда «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығын дамыту бойынша іс-тәжірибені тарату»  тақырыбында халықаралық қатысумен облыстық онлайн-семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: оқу үдерісінде қолданылатын дәлелді тәжірибелерді іс жүзінде қолдану және оның тәжірибелерін тарату.

Спикерлер ретінде автомобильдік білім беруге жәрдемдесудің трансұлттық қорының (Украина Республикасы, Уман қаласы) құрылтайшысы Дмитрий Николаевич Титаренко шақырылды, ол Қазақстан Республикасының «Жеңіл және жеңіл жүк автомобильдерін диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» Кәсіби стандарты жобасы негізінде білім беру бағдарламаларының кәсіби модульдерін жасау тәжірибесімен бөлісті. Кәсіби стандарт жобасы ASE (Ұлттық автомобиль қызметтері институты) Халықаралық талаптары бойынша әзірленген.

Александр Александрович Марковский Астана қаласындағы «Profi+» оқу орталығының негізін қалаушы, Қазақстан Республикасындағы LMS electude өкілі «Electude» электрондық платформасының жұмыс принциптерін ашып, оны пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Қарағанды қаласының «Eurasian Machinery» ЖШС өндірістік бөлімінің бастығы Клыш Сәбитұлы Сәбитов оқу орны мен жұмыс берушілердің кадрлар даярлаудағы өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті.

«Қарағанды агротехникалық колледжі»  КМҚК арнайы пәндер оқытушысы, әдістемелік әзірлемелердің, оқу құралдарының авторы Елена Леонидовна Троценко заманауи технологияларды пайдалана отырып, «Айналымдар санының датчиктері»  тақырыбында зертханалық-практикалық сабақтың элементтерін көрсетті.

Семинар соңында педагогтар пікір алмасатын диалог алаңы ұйымдастырылды.

Онлайн-семинарға 34 педагогқамтылды.