Ғылыми-техникалық бағыт 2023 жылдың 01 – 15 ақпан аралығында өтінімдер мен байқау жұмыстарын қабылдау.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арналған ғылыми-техникалық бағыттағы үздік білім беру бағдарламасы» - Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен үйірменің оқу бағдарламасының электронды нұсқасын көрсету. Өлшемдері бойынша сапаны бағалау: педагогикалық мақсаттылық, мақсаты мен міндеттері, өзектілігі, жаңалығы, жұмыс ерекшеліктері, күтілетін нәтижелер және оларды тексеру әдістері.
- «Үздік құрал» - интерактивті қосымшаларды, жаттығуларды, ойындарды қамтитын нұсқаулықтарды өндіру және пайдалану туралы бейнероликтердің көрсетілімі.
- «Педагогикалық оқытудың инновациялық технологиялары» – балалармен, мұғалімдермен, ата-аналармен өнімді өзара әрекеттесуге бағытталған жаңа формаларды, әдістерді, техникаларды қолдану. Материалды баяндауды жүйелеу, тәжірибелік маңыздылығы, нәтижелілігі. Бұл номинация бойынша мақалалар мен эсселер қабылданады.
- «Үздік педагогикалық жоба» - жоба түрін таңдау мұғалімге жүктеледі. Өз ұйымында бұрыннан іске асырылған, сонымен қатар автор немесе авторлар тобы жүзеге асыру үшін ұсынған жобалар да ұсынылуы мүмкін.