Размер шрифта:
Облыстық «Өнегелі өмір» жобасы аясындағы шығармашылық кездесу
06-02-2023 17:07
Облыстық «Өнегелі өмір» жобасы аясындағы  шығармашылық кездесу

      2023 жылы 6 ақпан Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды қаласының білім бөлімі «Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі» КММ ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы мектептер Альянсы жоспарына сәйкес Қарағанды қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицей базасында Қостанай қаласы Ы.Алтынсарин мемориалдық музейімен жасалған Меморандум аясында Ыбырай  Алтынсариннің  Қостанай облыстық мемориалдық музейінің басшысы, кітап авторы Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы және музей басшысының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары, кітап авторы Өтелбаева Салтанат Амантайқызымен шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Алматы қаласында өткен «Ұлы Жібек жолымен-2022» Халықаралық көрмеде «Жылдың үздік кітабы» номинациясы бойынша гран-приді иеленген «Ұлт ұстазы» атанған - Ыбырай Алтынсариннің туып- өскен өлкесі мен қажырлы қызметі жайында оқырманға жаңаша сыр шертер - «Ыбырай. Даланың таза бұлағы» атты кітаптың тұсаукесері болды.

Сонымен қатар, Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінің ғылыми-ағарту бөлімінің меңгерушісі Омарқанова Айымгүл Төлегенқызы «Ұстаз ұлағаты» тақырыбында Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайының жылжымалы экспонаттар көрмесімен таныстырды. Экспонаттар көрмесі 700 оқушыға, облыстың Ы.Алтынсарин атындағы мектеп директорларына, педагогтеріне, Қарағанды қаласы білім беру ұйымдарының директорларына, барлығы 50-ге жуық қонақтарға таныстырылды.

«Алматыкітап Баспасы» тренинг орталығының басшысы Кудайберген Гульнур Сериковна шығармашылық кездесу қонақтарына тренинг өткізіп, осы баспадан шыққан, «Ұлы Жібек жолымен-2022» Халықаралық көрмеде «Жылдың үздік кітабы» номинациясы бойынша гран-приді иеленген «Ыбырай. Даланың таза бұлағы» кітабын Қарағанды облысының білім басқармасына және Қарағанды қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейіне тарту етті.