Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
09-02-2023 17:17
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлеріне, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың ақпан айының 9-ы күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

  • «RoboLand-2023» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың VIIІ фестивалін өткізу туралы;
  • Компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты дамыту іс-шаралар жоспары;
  • «Web-мастер» жобасы аясында «Сайт құру» облыстық байқауын өткізу туралы;
  • «Болашақ инженерлер» жобасы аясындағы үшөлшемді компьютерлік модельдеу бойынша чемпионатын өткізу туралы.

Әдістемелік күнге 24 әдіскер және білім беру ұйымдарының директорларының орынбасарлары қатысты.