2023 жылдың 13-14 ақпанында Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізеді.
Фестивальдің мақсаты –талантты ұстаздарға қолдау көрсету және кәсіби өсуін ынталандыру, облыс мектептерінің жетекшілері мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Фестивалге барлық типтегі білім беру ұйымдарының педагогтары, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтары, сынып жетекшілері, психологтар, логопедтер, дефектологтар, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі облыстық орталықтардың және оқу-әдістемелік орталықтар әдіскерлері қатысады.
Презентация формасы: ТЕДХ форматында таратуға лайық педагогикалық идеяны ұсыну.