«Тау-кен ісі» бағыты бойынша «Мамандығы бойынша үздік» облыстық байқауы
16-02-2023 08:47
«Тау-кен ісі» бағыты бойынша  «Мамандығы бойынша үздік»  облыстық байқауы

      2023 жылдың 16 ақпанында Шахтинск технологиялық колледжінің базасында «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы, «Жерасты электр слесарі» біліктілігі бойынша студенттер арасында «Мамандығы бойынша үздік» облыстық байқауы өтті.

Байқауға үш колледждің екінші курс студенттері қатысты: Қарағанды ​​тау-кен-индустриялық колледжі (студент Александр Соловьев), Саран техникалық колледжі (студент Александр Холопов), Шахтинск технологиялық колледжі (студент Ананко Артем).

Бұл біліктілік бойынша мамандарды  Қарағанды ​​облысында 4 колледж дайындайды.

Байқаудың қазылар алқасының құрамына әлеуметтік серіктестер – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің өкілдері кірді.

Екі модуль бойынша бағалау нәтижесі бойынша ең көп ұпай жинаған конкурс жеңімпазы анықталды,  ол Шахтинск технологиялық колледжінің студенті Ананко Артём.

Жеңімпазды құттықтаймыз!