«Jańashyl USTAZ» жас педагогтер зертханасында кездесу
17-02-2023 10:48
«Jańashyl USTAZ» жас педагогтер зертханасында кездесу

                 2023 жылдың 17 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Jańashyl USTAZ» жас педагогтер зертханасында «Өнегелі өмір» жобасы аясында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның құрметті қызметкері Ирина Болеславовна Киселевамен кездесу өткізді.

Іс-шараға Абай ауданы, Қарағанды, Саран, Шахтинск, Теміртау қалаларының жалпы білім беру ұйымдарының жас әлеуметтік педагогтері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар әлеуметтік педагогтің кәсіби қасиеттері туралы ақпарат алып, нормативтік құжаттармен және әлеуметтік-педагогикалық технологиялармен танысты.