«Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша педагогтар арасында облыстық кәсіби шеберлік байқауы
17-02-2023 11:38
«Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша  педагогтар арасында  облыстық кәсіби шеберлік байқауы

      «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК 2023 жылдың  17 ақпанында «Қарағанды тау-кен индустриялық колледжі»  КММ-мен бірлесіп  «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында облыстық кәсіптік шеберлік конкурсын өткізді.

Байқаудың мақсаты инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және ТжКОББ жүйесінің арнайы пәндер оқытушыларының және өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби және педагогикалық шеберлігін арттыру болып табылады.

Байқаудыңтапсырмасы практикалық модульдерден тұрды, онда қатысушылар практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

Байқауға 14 педагог қатысты.

Барлық модульдер белгілі бір критерийлер бойынша бағаланды, бұл конкурсқа қатысушылардың нәтижелерін ашық бақылауға мүмкіндік берді.

Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын - Ержан Турсунович Смойлов, «Қарағанды тау-кен  индустриалдық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері;

2 орын - Ануарбек Сапарович Кыздарбеков, «Шет агротехникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері;

3 орын – Балаби Ерғалиұлы Байсары,   «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

3 орын - Жанибек Аблаевич Жусипов, «Теміртау индустриалдық- технологиялық  колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері.

Қатысушылар  Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.