Демонстрациялық емтихан өткізу бойынша семинар
21-02-2023 10:08
Демонстрациялық емтихан өткізу бойынша семинар

      2023 жылдың 21 ақпанында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруұйымдарында демонстрациялық емтихан өткізу ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Мақсаты - демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу мәселесімен колледждердің әкімшілік құрамының хабардар болу деңгейін арттыру.

Спикерлер ретінде Қарағанды облысы колледждерінің жетекші өкілдері шақырылды. Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің директоры Дмитрий Владимирович Цай ТжКОБ ұйымдарында демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру принциптерін ашып берді.

Шахтинск технологиялық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, «Электроника» құзыретінің бас сарапшысы Михаил Васильевич Правосудовсот төрелігін CIS ерекшеліктерін ескере отырып, демонстрациялық емтихан тапсырмасына бағалау критерийлерін жасау ерекшеліктерін көрсетті.

Семинарға Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 64  инженер-педагог қызметкерлері қатысты.

Семинардың қорытынды бөлімінде проблемалық мәселелер талқыланды.Ұсыныстар берілді.