«Руханият» қосымша білім беру орталығына 50 жыл
22-02-2023 09:10
«Руханият» қосымша білім беру орталығына 50 жыл

      2023 жылдың 22 ақпанында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Бұқар жырау ауданының білім бөлімі «Руханият» қосымша білім беру орталығының 50 жылдық мерейтойына арналған «Инновациялық технологиялар-сапалы болашақ кепілі» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Іс-шараға Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Қарағанды облысы аймақтық Клубтарының  жетекшілері мен хатшылары және Қарқаралы, Ұлытау аудандарының қосымша білім беру мектептерінің педагогтері қатысып, тәжірибе алмасты.

Семинар барысында Руханият орталығының барлық бағыттары бойынша шеберлік сабақтар көрсетіліп, ұстаздардың әдіс-тәсілдері, жетістікке жету жолдары ұсынылды.

Іс-шара соңы Алаш  абызы, көмекей әулие, бабамыз Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдық мерейтойына арналған «Жақсының аты қалар жарқыраған!» атты шығармашылық концертке ұласты.