«ЖАС ҰСТАЗ - ҰРПАҚТЫҢ РУХАНИ СӘУЛЕТКЕРІ» ЖАС ПЕДАГОГТЕР IV ФОРУМЫ
24-02-2023 08:36
 «ЖАС ҰСТАЗ - ҰРПАҚТЫҢ РУХАНИ СӘУЛЕТКЕРІ»  ЖАС ПЕДАГОГТЕР IV ФОРУМЫ

      2023 жылдың 24 ақпанында Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды қаласы Абай атындағы мектеп-гимназиясының базасында жас мұғалімдердің «Жас ұстаз – ұрпақтың рухани сәулеткері»  атты IV форумын өткізді.

Форумның мақсаты: кәсіби өсу үшін жағдай жасау, жас мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін белсендіру, инновациялық белсенділікті дамыту, Қарағанды облысының білім беру жүйесінің басым бағыттарымен таныстыру.

Форумға Қарағанды облысындағы мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, лицейлер, облыстық мектеп-интернаттар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас мұғалімдері қатысты.

Секциялық отырыстар аясында бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру мазмұнының негізгі құндылықтары бойынша 12 пікірталас алаңы жұмыс жасады.  Пікірталас алаңы мектепке дейінгі білім беруде «Ашықтық» алаңы, бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Еңбек және шығармашылық», тәрбие бағыты бойынша «Қазақстандық патриотизм  және азаматтық жауапкершілік,  қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Сыйластық», жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Ынтымақтастық», колледждің жас оқытушыларына арналған «Өмір бойы білім алу» бағыттарында өткізілді.

Команда құру құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған тимбилдинг барысында жас мұғалімдер келесі шеберлік сабақтарына қатысуға шақырылды: қыш шеберханасы, «Мольберт» АРТ студиясы, «COOL GAMES KZ» белсенді спорттық ойындары, «Тоғыз құмалақ» ұлттық ойындары, «Асық ату», «Экологиялық турнир» үстел ойыны, патриоттық әндер караокесі, жаңаша тәсілде сахналау (ремейк), флешмоб және «Twister-Зерек» пен «Logis - мозайка» ойындары жүргізілді.

Пленарлық бөлім Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде ұйымдастырылып, педагогикалық еңбек ардагерлерімен және жас ұстаздармен кездесу, пікір алмасу болды. Талқылау барысында заманауи білім берудің өзекті мәселелері және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелері қозғалды.