«ЭКОНОМ и К» облыстық олимпиадасы өткізілді
28-02-2023 16:58
«ЭКОНОМ и К» облыстық олимпиадасы өткізілді

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығымен және Қарағанды қаласының  № 2 лицейімен 2023 жылдың 28 ақпанында 7 сынып оқушылары арасында дарынды балаларды қолдау, кәсіби бағдар беру және анықтау мақсатында «ЭКОНОМ и К» облыстық олимпиадасы өткізілді. 

Олимпиада Google Forms бағдарламасы арқылы онлайн режимде ұйымдастырылды. Облыс бойынша 76 оқушы қатысты.

Олимпиадаға қатысушылар теориялық білімдерін ғана емес, логикалық ойлау қабілеттерін де көрсетуге мүмкіндік алды.