Ағылшын сабағында мәтінмен жұмыс істеудің тиімді әдістері - оқу сауаттылығын дамытудың негізі
02-03-2023 09:51
Ағылшын сабағында мәтінмен жұмыс істеудің тиімді әдістері - оқу сауаттылығын дамытудың негізі

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 02 наурызда «Зейін» жобасы аясында «Ағылшын сабағында мәтінмен жұмыс істеудің тиімді әдістері-оқу сауаттылығын дамытудың негізі» тақырыбында шеберлік сыныптарын өткізді.  Шеберлік сыныптар жұмысына Қарағанды облысының 90 шет тілі пәні мұғалімдері қатысты. Шеберлік сыныпта келесі мәселелер қаралды:

Гусаревич Светлана Валерьевна,Теміртау қ. «№ 24ЖББМ» КММ, шет тілі мұғалімі, «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын дамытудың мәтінмен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдері: мәтінге дейінгі және мәтіннен кейінгі кезең».

Анес Бахаджамал,Шахтинск қ. «С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия» КММ, шет тілі мұғалімі, «Мәтін ағылшын тілі сабағында оқырман сауаттылығын қалыптастыру және дамыту құралы ретінде. Мәтін кезеңі».

Князева Ксения Владимировна,Осакаровка ауданы «№3 ЖББМ» КММ, шет тілі мұғалімі, «Ағылшын тілі сабағында оқу мен математикалық сауаттылықтың байланысы».

Берілген шеберлік сыныптардың практикалық бағыты қатысушыларға академиялық және оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды шешуге және құрастыруға мүмкіндік берді.