АНОНС
17-03-2023 15:25

Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  2023 жылғы 13-17 наурыз аралығында барлық мектепке дейінгі ұйымдарда  «Сұлулықты  өз қолымызбен жасаймыз» атты жаратылыстану-танымдық сауаттылық апталығын іске қосады.

Аптаның мақсаты - Балаларда зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру: байқау, қызығушылық, салыстыру, болжау, талдау, пайымдау, қорытындылау және қорытынды жасау қабілетін арттыру.

Аптаның басты кейіпкерлері тәрбиеленушілерді зерттеушілер мен сиқыршыларға айналдыратын Фиксиктер болады.  Тақырыптық апта  «Бәрін білгім келеді!»  ұранмен өткізіледі.

Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда викториналар, дамыту  ойындары, брейн ринг, эксперимент ойындары, іздеу қызметінің элементтері бар театрландырылған ойын-сауық сияқты іс-шаралар өтеді. Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық педагогтарын, және  ата-аналарды  «Сұлулықты  өз қолымызбен жасаймыз» атты жаратылыстану-танымдық сауаттылықтың алдағы аптасында белсенді қатысуға шақырамыз.