2023 жылғы 10 наурызда білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы бағалау критерийлерін жасау және CIS бағалау жүйесінің жұмысы бойынша «WS Karaganda 2023» аймақтықчемпионатыныңбас сарапшылары үшін облыстық оқыту семинарын ұйымдастырды.
Мақсаты - WSS секциясын ескере отырып қайта есептеу кезінде CIS критериалды бағалау жүйесінің балдарын есептеу принциптері туралы бас сарапшылардың хабардарлық деңгейін арттыру.
Спикер ретінде «WorldSkills International-2022» сарапшы-компатриоты, "WS Karaganda 2023" бас сарапшысы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК құзыреттер орталығының меңгерушісі Олег Владимирович Лизогуб сөз сөйледі, WorldSkills Competition Special Edition 2022» чемпионатының халықаралық бағалау критерийлерін мысалға ала отырып, іс жүзінде CIS жүйесінің «WSS section» секциясына және оның модульдер бойынша бағалау критерийлеріне ықпалына талдау жүргізілді.
Сондай-ақ Олег Владимирович бағалау материалын әзірлеу қағидаттарын ашып, WorldSkills чемпионаттарының халықаралық және республикалық стандарттары бойынша бағалау критерийлерін жасауға қойылатын талаптармен таныстырды.
Семинар соңында педагогтар пікір алмасып, проблемалық мәселелерді шеше алатын диалог алаңы ұйымдастырылды.
Оқыту семинарына 52 бас сарапшы қатысты.