«WorldSkills чемпионатына қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбындағы облыстық оқыту семинары
14-03-2023 08:59
 «WorldSkills чемпионатына қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбындағы облыстық оқыту семинары

      Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 14 наурызында «WorldSkills чемпионатына қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында облыстық оқыту семинарын ұйымдастырды.

Мақсаты -студенттерді «WS Karaganda 2023» аймақтықчемпионатына қатысуға дайындауда колледж психологтарына практикалық көмек көрсету.

Спикерлер ретінде «WorldSkills» чемпионатына қатысушыларды психологиялық сүйемелдеу»  авторлық әдістемесі бойынша шеберлік сабағын өткізген «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК педагог-психологы Сәуле Қанатқызы Серикова шақырылды.

 

«Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚКпедагог-психологы Елена Оскаровна Козлова  «WorldSkills» чемпионатына қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу элементтерін көрсетті.

«Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК педагог-психологы Шоқан Нұрғалиұлы Үсенов тренинг өткізіп, сарапшы-компатриоттың студенттермен өзара іс-қимылының интерактивті әдістемелерін мысалмен көрсетті.

Семинар соңында психологтар пікір алмасатын диалог алаңы ұйымдастырылды.

Қарағанды облысы колледждерінің 32 психологы семинар жұмысына қамтылды.