Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында «Математиканың үздік оқытушысы», «Физиканың үздік оқытушысы» облыстық конкурсы
15-03-2023 15:09
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында «Математиканың үздік оқытушысы», «Физиканың үздік оқытушысы» облыстық конкурсы

      2023 жылдың 15 наурызында облыстық математика және физика оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі базасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының үйлестіруімен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында «Математиканың үздік оқытушысы», «Физиканың үздік оқытушысы» облыстық конкурсы өтті.  

Конкурстың мақсаты инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтау, тарату болып табылады.

Конкурс екі турда өтті: іріктеу - тестілеу түрінде және жарыс.   

Конкурс барысында қатысушылар өз әдістемелік жүйесін, жұмыста қолданылатын әдістемелерін таныстырды. Сонымен қатар, конкурс күні ұсынылған бес тақырыптың бірі бойынша сабақ үзіндісінің қысқа мерзімді жоспарын әзірледі.

Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы сыни тұрғыдан бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Математика оқытушылары арасында:

1 орын - Гульнур Ерболатовна Жакыпбаева, «Bolashaq» Қарағанды жоғары колледжі» ЖММ;

2 орын - Айымгүл Куатқызы Болат, «Қарағанды теміржол колледжі» КММ;

3 орын - Анна Владимировна Кралович, «Қарағанды сән колледжі» ЖММ;

3 орын - Александра Игоревна Гудовщикова, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК.

Физика оқытушылары арасында:

1 орын - Назгул Борашовна Сырбаева, «Bolashaq» Қарағанды жоғары колледжі» ЖММ;

2 орын - Серікболд Хусаян, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытуды оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.