Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Эссе жазудағы нақты қадамдар» оқыту семинары
24-03-2023 09:29
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған  «Эссе жазудағы нақты қадамдар»  оқыту семинары

2023 жылдың 24 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Көктемгі мектеп аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Эссе жазудағы нақты қадамдар» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында Қарағанды облысы Шет ауданы «Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Тусупханова Бану Амановна, Болкенбаева Айгерим Даулетиаровнасеминар тақырыбы бойынша практикалық жұмыстарға ұштасқан теориялық құнды мәліметтер берді.

Оқыту семинарына облыстың 200-ден артық педагогтері қатысты.