Халықаралық зерттеуге қатысушы мектептерге арналған шеберлік сабақ
24 наурыз Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы халықаралық зерттеуге қатысушы мектептердің биология, химия, математика, физика, тарих, география мұғалімдеріне кезекті шеберлік сабағын ұйымдастырды. № 1“Білім-инновация” лицей-интернаты КММ мұғалімі Егинбаева Гульзинат Амировна «Оқу сауаттылығын дамыту: тұтас мәтінмен жұмыс»тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабақта мәтін тапсырмалармен жұмыс жүргізу, базалық стандарттарға сәйкес тест тапсырмалар тұжырымдамасы туралы теориялық ұғымдар беріліп, нақты тапсырмалар бойынша практикалық жұмыстар жасалынды.
Сабаққа 30 педагог қатысты.