Размер шрифта:
«Мамандықтар әлемі картасы» ақпараттық сабағы
17-02-2016 12:00
«Мамандықтар әлемі картасы» ақпараттық сабағы

«Мамандықтар әлемі картасы» ақпараттық сабағы

    Қарағанды облысының Н. В. Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында 2016 жылдың 17 ақпанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен, қаланың № 52,62, 63 орта мектептерінің 9- сынып оқушыларына кәсіби бағдар жұмысын жүргізу мақсатында, халықты жұмыспен қамту орталығы және колледж өкілдері (Қарағанды агротехникалық колледжі, Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі, Қарағанды көлік –технологиялық колледжі) «Мамандықтар әлемі картасы» тақырыбында ақпараттық сабақ өткізді.

    Сабақтың негізгі міндеті – оқушыларды сала бойынша кәсіби мамандықтар әлемімен таныстыру. Сонымен қатар мектеп оқушылары облыстың техникалық және кәсіптік білім саласына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларынан хабардар болды.