Размер шрифта:
Облыстық «Жас журналист» бейіндік жобасы аясындағы вебинар
17-03-2023 12:43
Облыстық «Жас журналист» бейіндік жобасы   аясындағы   вебинар

     Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2023 жыл 15 наурыз  ZOOM платформасында қала, аудан және мамандандырылған мектеп-интернаттарының облыстық «Жас журналист» бейіндік жобасы бойынша жұмыс жасайтын пән мұғалімдері мен әдіскерлеріне және болашақта журналист мамандығын  таңдап отырған 10-11 сынып оқушылары үшін «Мектепішілік «Ақ желкен телестудиясы» үйірмесінің жұмыс әдістемесі»тақырыбында вебинар өткізілді.

Вебинарда Ақтоғай ауданы Шашубай кентіндегі «мектеп-бөбекжай кешені» базасындағы Тірек мектеп (РО) «Жас журналист» жобасының жүзеге асырылуы, «Ақ желкен телестудиясы» үйірмесінің жұмысы, үйірме жұмысының әдістемесі жайлы тәжірибе бөлісті.

Семинарға 100- ден артық адам қатысты.