«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты облыстық құрылтай
29-03-2023 12:49

   Қарағанды облысының білім басқармасы, ҚО ББД оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Қарағанды қаласы «Шәкәрім атындағы гимназиясы» КММ бірге 2023 жылдың 29 наурызында «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы»  атты облыстық  құрылтай өткізеді.  

   Мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу арқылы  шәкірттер бойына  адамгершілік құндылықтарды сіңіру, адалдыққа баулу және педагогтердің өзара тәжірибе алмасу, кәсіби қарым-қатынас алаңын кеңейту.

   ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент өкілдері, педагогтердің қатысуымен пленарлық отырыс, Шәкәрім шығармалары бойынша бейнероликтербайқауы, TEDx конференциясы, дискуссия алаңы, облысымыздың педагог-шеберлерінің шеруі, облыстық дебаттық турнир жеңімпаздарының арасындағы 1 кезеңдік дебат ойыныжоспарлануда.  

   Құрылтайға облыстың жалпы орта білім беру мекемелерінің білім алушылары мен педагогтері қатысады.