Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 29.03.2023 ж., «Бөбек» арнайы бөбекжайы» КММ базасында «Мектеп жасына дейінгі балаларға ерте кәсіптік бағдар беру аясында қауіпсіз мінез –құлық негіздерін қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты педагогтарды ЕБҚ мектеп жасына дейінгі балаларды ерте кәсіптік бағдарлау бойынша заманауи әдістер мен технологиялармен таныстыру, олардың инновациялық құзыреттілік деңгейін, зияткерлік, шығармашылық және мотивациялық әлеуетін арттыру болды.
Семинарға қатысушылар ұйымдастырылған іс-әрекеттің 10 түрін, «Мамандықтардың сиқырлы жұлдызы» музыкалық ойын-сауығын тамашалады, тәжірибе жүзінде модельдеу технологиясын, интеллект-картаны қолданып, «Мамандықтардың калейдоскопы» педагогикалық рингіне қатысты. Облыстық «Алғашқы ұстаз - ата - ана» әлеуметтік жобасы аясында ата-аналармен жұмыс жасауда «Үйде сабақ үйретеміз» бейнеролигін тамашалады.
Семинарға Қарағанды облысының түрлі өңірлерінен 43 педагог қатысты. Семинар шығармашыл, креативті атмосферада өтті. Педагогтар көптеген жаңа және қызықты нәрселерді көрді, олар кейіннен өз жұмыстарында қолдана алады.