Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Туризм, география, қауіпсіздік қызметі» бағыты бойынша «Меридиан» кәсіби шеберлік байқауы
28-03-2023 19:59
 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Туризм, география, қауіпсіздік қызметі»   бағыты бойынша «Меридиан»  кәсіби шеберлік байқауы

     2023 жылғы 28 наурызда Қарағанды облысында білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы Қарағанды жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп «Туризм, география, қауіпсіздік қызметі» бағыты бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында «Меридиан» облыстық кәсіби шеберлік конкурсын өткізді.

     Байқаудың мақсаты Инновациялық педагогикалық қызметпен айналысатын «Туризм, география, қауіпсіздік қызметі» бағыты бойынша ТжКОБ ұйымдарының дарынды, шығармашыл педагогтарын анықтау және қолдау болып табылады.

Байқауға 5 педагог қатысты.

Барлық жұмыстарды тәуелсіз қазылар алқасы сыни тұрғыдан бағалады. Отырыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1  орын - Айдар Қалиұлы Қантеев, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

2 орын - Назира Жарылғасынқызы Қоғабаева, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК география пәнінің оқытушысы;

3 орын - Александра Николаевна Зоркина, «Академик Қ. А. Сағыноватындағы колледж- мектеп»ЖММ«Туризм» мамандығы бойынша арнайы пәндердің география пәнінің оқытушысы.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.