Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен «Оқыту мен оқудың белсенді әдістерінің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы ықпалы» атты тақырыпта облыстық семинар өтті.
19-02-2016 12:16
Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен «Оқыту мен оқудың белсенді әдістерінің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы ықпалы» атты тақырыпта облыстық семинар өтті.

    Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Оқыту мен оқудың белсенді әдістерінің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы ықпалы» атты тақырыпта облыстық семинар өтті. Оны мектептің  мұғалімдері Секербекова Р.С., Әкімбекова Г.З., Сүлейменова А.Т., Жүнісова Б.Қ. ұйымдастырып өткізді. Семинардың басты мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне байланысты іс-тәжірибені тарату. Аталмыш іс-шараның барысында мұғалімдер оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған ашық сабақтар өткізіп, «Функционалды сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» атты коучинг және «Шығармашылық - білім шыңына бастар жол» атты көрме ұйымдастырды.