Размер шрифта:
«Инклюзивті білім беру практикасы: мектеп пен ТжКББ арасындағы үздіксіздік және сабақтастық» тақырыбындағы республикалық қатысумен III облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
31-03-2023 10:21
«Инклюзивті білім беру практикасы: мектеп пен ТжКББ арасындағы үздіксіздік және сабақтастық»  тақырыбындағы  республикалық қатысумен III облыстық ғылыми-тәжірибелік  конференциясы

    2023 жылдың 31 науырызында онлайн-режимде «Инклюзивті білім беру практикасы: мектеп пен ТжКББ арасындағы үздіксіздік және сабақтастық» тақырыбында республикалық қатысумен III облыстық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

   Конференция Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының білім беруді дамыту орталығы мен Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде өтті.

    Шараға Батыс Қазақстан, Шымкент, Алматы, Талдықорған қалалары және Қарағанды ​​облыстарынан 200-ге жуық колледж оқытушылары қатысты.

   Спикерлер инклюзивті білім беруді енгізу тәжірибесімен бөлісті, проблемалар мен міндеттерді шешу жолдарын талқылады.