«Инклюзивті білім беру практикасы: мектеп пен ТжКББ арасындағы үздіксіздік және сабақтастық» тақырыбындағы республикалық қатысумен III облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2023 жылдың 31 науырызында онлайн-режимде «Инклюзивті білім беру практикасы: мектеп пен ТжКББ арасындағы үздіксіздік және сабақтастық» тақырыбында республикалық қатысумен III облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференция Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының білім беруді дамыту орталығы мен Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде өтті.
Шараға Батыс Қазақстан, Шымкент, Алматы, Талдықорған қалалары және Қарағанды облыстарынан 200-ге жуық колледж оқытушылары қатысты.
Спикерлер инклюзивті білім беруді енгізу тәжірибесімен бөлісті, проблемалар мен міндеттерді шешу жолдарын талқылады.