«WorldSkills Karaganda 2023» облыстық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу туралы
28-04-2023 12:01

2023 жылдың 18 сәуірі мен 28 сәуірі аралығында облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты – «WorldSkills Karaganda 2023» өтеді.

Байқау облыстық колледждері базасында 17 байқау алаңында өтеді. Облыстық чемпионат 45 құзырет (кәсіп) бойынша өтеді, оған 22 жасқа дейінгі 300-ден астам жас мамандар – колледж студенттері қатысады.

Чемпионаттың мақсаты: экономиканың өндірістік секторына жас кадрларды тартуға және еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал ету.

Мұндай Чемпионаттар білікті кадрларды даярлауда жаңа идеялар мен трендтерді тудырады, кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді және кәсіби шеберлікті арттыру орталығына айналады.

Жарыс алаңдарына мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпорындардың  жұмыскерлері мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, басқа да мүдделі тұлғалар, сондай-ақ жастарды кәсіби бағдарлау мақсатында Чемпионатқа мектеп оқушылары, колледждер мен университеттердің студенттері барады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қарағанды ​​облысының білім басқармасы, Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы.