Размер шрифта:
Колледждердің жас әдіскерлеріне арналған оқыту
12-04-2023 08:33
Колледждердің жас әдіскерлеріне арналған оқыту

      2023 жылдың 12 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжімен бірлесіп «Жас әдіскер мектебі» шеңберінде «Колледждің әдістемелік кеңесі» тақырыбы бойынша облыс колледждерінің жас әдіскерлеріне арналған облыстық семинар өткізді.

Семинар мақсаты жас мамандардың әдістемелік құзыреттілігін дамыту, колледждің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша теориялық және практикалық білімді жетілдіру болды.

Бекітілген бағдарламаға сәйкес Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінің тәжірибелі педагогтері тыңдаушыларға тақырыптар бойынша тәжірибелерін ұсынды:

1.  «Әдістемелік кеңестің қызметін ұйымдастырудың жекелеген теориялық аспектілері», Капанова И.Х, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, педагогика оқытушысы;

2.  «Әдістемелік кеңес отырыстарын жоспарлау» тақырыбы бойынша шағын практикум, Капанова И.Х., директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, педагогика оқытушысы;

3.  «Қарағанды "Вolashaq" жоғары колледжінің жұмыс тәжірибесінен. Ғылыми-әдістемелік кеңестегі білім беру процесінің мониторингі мәселелері», Капанова И.Х., директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, педагогика оқытушысы; Конакбаева А.Д., арнайы пәндер оқытушысы, гуманитарлық-техникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі;

4.  «Ғылыми-әдістемелік кеңесте қарауға оқу жұмыс жоспарларын дайындау логикасы», Ишанкулова Р.М., директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, тарих оқытушысы.

Оқыту қорытындысында спикерлер рефлексия өткізді, онда тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, өткізілген іс-шара бойынша өз пікірлерін ұсынды және семинардың қорытындысы шығарылды.

Оқытуға колледждердің 18 жас әдіскері қатысты.