Бағдарламалау бойынша мектеп оқушыларына арналған олимпиада
28-04-2023 16:19

2023 жылдың 28 сәуірінде бағдарламалау бойынша мектеп оқушыларына арналған олимпиада оффлайн режимде өткізу жоспарлануда. Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және бағдарламалауға деген қызығушылығын анықтау, дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау.

  • Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу 2023 жылдың 24 сәуіріне дейін жүргізіледі.
  •  Олимпиада 2023 жылдың 28 сәуірінде Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы 75/3 Мекен-жайы бойынша Академия ШАГ базасында өтеді.
  • Олимпиаданың ұзақтығы 2 астрономиялық сағатты құрайды (120 мин.).
  • Бағдарламалау тілі еркін.

 Олимпиаданы өткізу ережелері мен мерзімдері туралы барлық ақпарат www.gocode.kzсайтында орналасқан.