«WorldSkills Karaganda-2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуы
18-04-2023 12:17
«WorldSkills Karaganda-2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуы

      2023 жылдың 18 сәуірінде «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК базасында "Жүктерді экспедициялау", "Теміржолдың жай-күйін бақылау","Локомотивті басқару", "Теміржол көлігіндегі автоматика және телемеханика", "Теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару", "Теміржол көлігінің технологиясы" құзыреттіліктері бойынша «WorldSkills Karaganda-2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

Чемпионатқа қатысушы үміткерлер таныстырылды: 6 құзірет бойынша  «К.Сағынов атындағы мектеп- интернат- колледж» ЖММ, «Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК, «Қарағанды көлік- технологиялық колледжі» КМҚК, «Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» АеҚ инновациялық технологиялар колледжі, «Теміртау техникалық колледжі» КММ, «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК –дан 31 студент өз бақтарын сынамақшы.

Өңірлік чемпионаттың бірінші күні: жұмыс орындарын бөлумен нұсқама беру, жеребе тарту, сарапшыларды тестілеу, қатысушыларға еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқама беру өткізілді.

«Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК  базасында кәсіби бағдар беру және жұмысқа орналастыру орталығы ашылып, қонақтар орталықтың негізгі миссиясымен танысты.

Сондай- ақ чемпионатқа қатысушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен, яғни құзіреттіліктер бойынша байқау алаңдарындағы жұмыс орындарымен  таныстырылды.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз және ең мықтылар жеңсін!