Размер шрифта:
«WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуы
18-04-2023 12:25
«WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуы

      2023 жылдың 18 сәуірі күні «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында «Музыканы оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Karaganda -2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Байқауға 6 конкурсант қатысып, шеберліктерін танытпақшы.

Бағдарламаға сәйкес қатысушыларды техника қауіпсіздігі, еңбекті қорғау ережелерімен, байқау тапсырмаларымен және нормативтік құжаттамамен таныстырды. Қатысушының сөз сөйлеуінің реттік нөмірін анықтау үшін жеребе тарту өткізілді. Материалдық-техникалық базамен таныстырып,  апробация жүргізілді.

Іс-шараның соңында байқаудың барлық қатысушыларына сәттілік пен жеңіс тіледі.