Размер шрифта:
2016 жылдың 23 ақпанында Саран техникалық колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бағыты бойынша тәжірибелік семинар өтті
23-02-2016 07:46
2016 жылдың 23 ақпанында Саран техникалық колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бағыты бойынша тәжірибелік семинар өтті

    Қазіргі заманға сай сабақты жүргізу әдістерін және жолдарын меңгеру арқылы педагогтың әдістемелік сауаттылығын көтеру және шетелдік әріптестердің тәжірибесін Қазақстандық білім жүйесіне бейімдеу мақсатында 2016 жылдың 23 ақпанында Саран техникалық колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бағыты бойынша тәжірибелік семинар өтті.

    Семинарды алғысөзбен ҚО ББД ОӘО әдіскері А.А. Еставлетова және Саран техникалық колледжінің директоры К. К. Қоянбаев ашты.

    ОӘБ жетекшісі О.А. Федотова және Саран техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы И.С. Астахова «Өндірістік кәсіпорында тамақтандыруды ұйымдастыру пәні бойынша PRL әдісін қолдану» тақырыбында шебер-сынып өткізді.

   Саран техникалық колледжінің оқу - өндірістік шебері

      Е.С. Воронина өндірістік сабақтарда қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін әдістемелік әдістердің  дұрысын қолдану  жайлы баяндаманы қатысушылар назарына ұсынды.

         Теміртау кәсіби-техникалық колледжінің оқу - өндірістік шебері Г.Д. Тураров «Бинарлық сабақ – бәсекеге қабілетті маман даярлауда табыс кепілі» атты баяндама жасады.

         Отырыс соңында қорытынды жасалынып, ұсыныстар енгізілді. Сонымен қатар Worldskills кәсіби шеберлік байқауының сұрақтары талданып, талқыланды.